RU

Logo

Құқықтық қорғау объектілерінің бірі өнеркәсіптік үлгі болып табылады, ол өнімнің сыртқы түрін анықтайды және егер оның маңызды белгілері шығармашылық сипатта болса, түпнұсқа деп танылады. Құқықтық қорғау ұсынылатын көркемдік-конструкторлық шешім өнеркәсіптік үлгінің басымдығы күніне дейін әлемде жалпыға қолжетімді болған мәліметтерден жаңа және белгісіз болуға тиіс.

Өнеркәсіптік үлгіні құқықтық қорғау бұйымның сызбаларында ұсынылуы және өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілерінің тізбесінде келтірілуі тиіс оның елеулі белгілерінің жиынтығымен айқындалады. Өнеркәсіптік және майдагерлік-қолөнер бұйымдары құқықтық қорғау объектілері бола алады.

Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімі өтінім берілген күннен бастап 15 жылды құрайды және патент иесінің өтініші бойынша, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін

Біз тауар таңбасын тіркеу бойынша келесі қызметтерді ұсынамыз:

  • Халықаралық және ұлттық рәсімдер бойынша өтінім берудің артықшылықтарын бағалау;
  • Өтінішті дайындау, беру және қорғау құжатын алғанға дейін қамтамасыз ету;
  • Халықаралық және ұлттық рәсімдерге сәйкес басқа елдерде тауар таңбасын тіркеуге өтінімдер беруге жәрдемдесу;
  • Тауар таңбасын жалпыға белгілі деп тануға өтінімдерді дайындау, беру және қолдау көрсету;
  • Өтінімге, қорғау құжатына өзгерістер енгізу және тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту;
  • Тауар таңбасына құқықтарды беруге құқықтық көмек көрсету;
  • Лицензиялық шарттарды, басқаға беру шарттарын және кепіл шарттарын дайындау және тіркеу;
  • Тауар таңбасын тіркеуді мерзімінен бұрын тоқтату;
  • Тауар таңбаларының құқықтарын қорғау және тауар таңбаларының құқықтарын бұзудың жолын кесу бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • Тауар таңбасының құқықтарына қатысты құқықтық қорытындылар дайындау;
  • Тауар таңбасының құқықтарын қорғауда клиенттердің мүдделерін білдіру (мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар алдында);
  • Белгілердің ұқсастығына салыстырмалы талдаулар жүргізу;
  • Нарықты тексеру және тауар таңбасының құқықтарын қорғау және тауар таңбасының бұзылуының жолын кесу бойынша шаралар қабылдау;
  • Басқа қызметтер.
Тегін кеңес беру

 

    ×