RU

Logo

Лицензиялық шартқа сәйкес құқық иесі (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) зияткерлік меншік (ЗМ) объектісін пайдалану құқығын бере алады.

Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамамен реттелетін ЗМ объектілеріне лицензиялардың әртүрлі түрлері бар. Айрықша емес лицензия болған жағдайда лицензиар лицензиатқа үшінші тұлғаларға лицензияларды пайдалану және беру құқығын сақтай отырып, ЗМ объектісін пайдалану құқығын береді. Айрықша лицензия болған жағдайда лицензиар лицензиатқа үшінші тұлғаларға лицензия беру құқығын бермей және иесінің өзі тауар таңбасын пайдаланбай ЗМ объектісін пайдалану құқығын береді. Зияткерлік меншік объектісін заңнамаға қайшы келмейтін өзге шарттарға сәйкес пайдаланған кезде лицензиар мен лицензиат шарт жасасуы мүмкін.

Лицензиат лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана қосалқы лицензиялық шарт жасасуға құқылы.

Құқықтардың пайда болуы үшін міндетті тіркеуді талап ететін ЗМ объектілері үшін ҰЗМИ РМК-да лицензиялық шарттарды міндетті тіркеу көзделген. Шарттарды тіркеу туралы талаптарды сақтамау олардың жарамсыздығына әкеледі.

Кейбір жағдайларда заңнамада ЗМ объектілері үшін лицензиялық шарттарға ерекше талаптар көзделген. Мысалы, тауар таңбасын пайдалану кезінде лицензиялық шартта лицензиат тауарларының сапасы лицензиар тауарларының сапасынан төмен емес екендігі және лицензиар осы шарттың орындалуын бақылауға құқылы екендігі көрсетілуі тиіс.

Біз тауар таңбасын тіркеу бойынша келесі қызметтерді ұсынамыз:

  • Халықаралық және ұлттық рәсімдер бойынша өтінім берудің артықшылықтарын бағалау;
  • Өтінішті дайындау, беру және қорғау құжатын алғанға дейін қамтамасыз ету;
  • Халықаралық және ұлттық рәсімдерге сәйкес басқа елдерде тауар таңбасын тіркеуге өтінімдер беруге жәрдемдесу;
  • Тауар таңбасын жалпыға белгілі деп тануға өтінімдерді дайындау, беру және қолдау көрсету;
  • Өтінімге, қорғау құжатына өзгерістер енгізу және тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту;
  • Тауар таңбасына құқықтарды беруге құқықтық көмек көрсету;
  • Лицензиялық шарттарды, басқаға беру шарттарын және кепіл шарттарын дайындау және тіркеу;
  • Тауар таңбасын тіркеуді мерзімінен бұрын тоқтату;
  • Тауар таңбаларының құқықтарын қорғау және тауар таңбаларының құқықтарын бұзудың жолын кесу бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • Тауар таңбасының құқықтарына қатысты құқықтық қорытындылар дайындау;
  • Тауар таңбасының құқықтарын қорғауда клиенттердің мүдделерін білдіру (мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар алдында);
  • Белгілердің ұқсастығына салыстырмалы талдаулар жүргізу;
  • Нарықты тексеру және тауар таңбасының құқықтарын қорғау және тауар таңбасының бұзылуының жолын кесу бойынша шаралар қабылдау;
  • Басқа қызметтер.
Тегін кеңес беру

 

    ×