«Жевлакова и Партнеры» – зияткерлік меншікті (ЗМ) қорғауға маманданған және 1994 жылдан бастап Қазақстан мен Орталық Азияда заң қызметтерін ұсынатын, Қазақстан, Алматы қаласында орналасқан белсенді өсіп келе жатқан заң компаниясы. Агенттік ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың, оқу орындарының, ғылыми-өндірістік кәсіпорындардың, мемлекеттік және жеке ұйымдардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтаумен және қорғаумен айналысады. Жұмыс барысында компания 3000-нан астам тауар таңбаларын, 1000-нан астам өнертабыс патенттерін, өнеркәсіптік үлгілерді және пайдалы модельдерді тіркеуге көмектесті.
Агенттік өнертабыстарға патенттерді, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауар теңбаларына куәліктерді, сондай-ақ лицензиялық шарттардың барлық түрлерін жасауды, беруді және алуды қоса алғанда, қызметтердің толық аясын ұсынады. Сонымен қатар, компанияның тәжірибелі заңгерлері клиенттерге кез-келген қақтығыстарды сотқа дейінгі және сот тәртібімен шешуге көмектесуге дайын.
Біз жоғары сапалы қызметтерді ұсына отырып және адал баға саясатын ұстану арқылы клиенттерімізбен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтауға тырысамыз.
Егер сізге Қазақстан мен Орталық Азиядағы зияткерлік меншік мәселелері жөнінде білікті заң қызметтері қажет болса, «Жевлакова и Партнеры» ЖШС-не жүгініңіз. Біз сіздің барлық мәселелеріңізді жылдам әрі тиімді шешуге және ЗМ объектілеріне құқықтарыңызды қорғауға кепілдік береміз.
Біз өз қызметтерімізді Қазақстанда, Ресейде және шетелде ұсынамыз.
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Гоголь к-сі, 89, 3 қабат, 333 кеңсе. +7 701 736 93 83